Павлодар ауданы, Луганск ауылында өрт сөндіру бекеті ренавациядан өтті. Бұл «ауыл құтқарушылары» жобасы аясында іске асқан жобалардың бірі.

Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуына ауыл тұрғындары, елдімекен белсенділері жиналды. Мемлекеттік Гимн орындалған соң облыс әкімінің бірінші орынбасары тұрғындарды Республика күнімен және жаңа бекеттің ашылуымен құттықтады.

Ренавация аясында бірқатар жұмыстар жасалған. Өрт сөндіру көлігіне арналған жаңа бокс салынды, жеке құрамға арналған тұрмыстық үй-жай жаңартылды. Жылу желісі жүргізіліп, іші-сырты толықтай әрленді. Айналасы абаттандырылып, өрт сөндіруге арналған жабдықтар жеткізілді.

Рүстембек Әмрин, Павлодар облысы ТЖД бастығы

Қазіргі уақытта облыста 77 өрт сөндіру бекеті бар. Луганск ауылында да болды. Бірақ, қайтадан қалпына келтірдік. Департамент тарапынан өрт сөндіруге арналған арнайы көлік берілді. Жасалған бұл шараның барлығы Луганск ауылының өрт қауіпсіздігін нығайтады.

Бекеттің ашылуына жергілікті бизнес те қолдау көрсеткен. Шаруа қожалық иесі және өзге де ауыл тұрғындары шара барысында марапатталды. Бұл өрт сөндіру бекеті Луганск ауылынан бөлек жақын маңдағы тағы екі ауылды өрттен қорғайды.

Ж.С