Павлодарда «Балауса әлем» байқауы қорытындыланды. Оған қатысушылар балаларға арналған әңгіме, ертегі, қиял-ғажайып шығармалар жазды. Кім жүзден жүйрік атанды? Тілшіміз тарқатсын.
Балалар әдебиетінің Мұзбалағы Мұзафар Әлімбаевтардың заманынан кейін бүлдіршіндерге арнап жазатын қаламгерлердің сиреп кеткені рас. Ұйымдастырушылар осы олқылықтың орнын толтырғылары келгендігі айтады. Байқауға жасы 45 ке дейінгі қаламгерлер қатысыпты. 30 ға жуық шығарма жүлдеге таласқан.
Бейбіт Бөжен, Қазақстан жазушылар одағы Павлодар облыстық өкілдігі жанындағы «Леп» әдеби бірлестігінің төрағасы
Жазушылар Одағының Павлодар облыстық өкілдігінің жанынан құрылған «Леп» әдеби бірлестігінің ұйымдастыруымен бұл бірінші рет қолға алынды. Прозалық шығармалар байқауы. Алдағы уақытта демеушілер табылып жатса аясын кеңейту жоспарда бар. Поэзиялық, танымдық, аударма жұмыстары бойынша ұйымдастырғымыз келеді. Бүгінгі заман балаларының танымына, ой-өрісіне лайық шығармалардың байқауын әлі де ұйымдастыру керек.
Бұл жолғы байқауға «Халықаралық қазақ тілі қоғамының» облыстық филиалы демеушілік етті.
Асылбек Туғанбай, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы поф төрағасы
Бұл байқау басты мерекеміз Республика күніне арналды. Байқаудың мақсаты қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейті, жастардың шығармашылығын қолдау. НЕгізгі бағыт балалардың әдебиетін арналып отыр. Балабақша, бастауыш сынып оқушысы балаларына арналған шығармалар сайысы
Байқауға әдебиетті, соның ішінде балалар әдебиетінін зерттеп жүрген ғалымдар, қаламгерлер қазылық етті.
Бақытгүл Қапасова, қазылар алқасының мүшесі
Күнделікті өсіп, сағат сайын, минут сайын өзгеріп жатқан баланың танымына арнап шығарма жазу деген ең қиыны. Бұл-жазудың ең қиыны. Осы жағынан алып қарағанда Павлодар өңірінде бұл дәстүрдің жалғасуы міндетті нәрсе боулы керек сияқты
Авторы көрсетілмей, мәтінге ғана баға беру арқылы өткен байқаудың қорытындысы бойынша алдымен арнайы жүлделер табысталды. Ал, үшінші орынды Абзал Қабдыраш иеленсе, екінші орын Айбек Оралғанға берілді. Бірінші орынға Алпысбай Хонж иелік етті.
Ж.С