Бүгін «Ертіс» футбол командасы осы маусымның қорытынды матч өткізді. Ойыншылар қарсы алаңда «Екібастұз» футбол командасын қарсы алды.

Ойын «Хан Тәңірі» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеуді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Бұдан соң футболшылар тартысты ойынға кірісті. Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Клуб қарсыластары қақпаға бірнеше рет гол соғуды ұмтылғанымен, нәтиже болған жоқ. Бірінші тайм 0 де 0 есебімен аяқталды.

Екінші таймда ойын қыза түсті. Алғашқы голды Екібастұз қақпасына «Ертіс» клубының ойыншысы Владислав Васильев ашты. Одан кейін араға 10 минут салып, Екібастұз ойыншысы Әлімжан Еркен гол соқты. Осымен есеп 1:1 болып тең болды. Бұдан кейін «Ертіс» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбай гол соғып, есеп 2:1 болды.

Ринат Алюетов, «Ертіс» ФК бас бапкері

Бүгін жақсы тартысты ойын болды. Екібастұзбен Ертіс арасында жақсы ойын болды. 5 жылдан кейін команданы премьер лигаға шығарғанымызға қуаныштымыз. Премьер-лигаға шықтық, алдағы мақсат жақсы нәтиже көрсетіп, алтыншы рет чеспион болу.

         Осылайша маусымның соңғы ойыны жанкүйерлер үшін ерекше әсер қалдырды. «Ертіс» командасы биылғы маусымда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, басты мақсаты — Премьер-лигаға қайта оралуды жүзеге асырды. Бұл жеңіс павлодарлық футболдың жаңа белесіне жол ашты. Команданың бас бапкері мен ойыншылары жанкүйерлерге маусым бойы көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта Премьер-лигада лайықты ойын өрнегін көрсететіндерін жеткізді.

Әйгерім Тоқпанқызы