Республика күні – ел тәуелсіздігінің бастауы.1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл тарихи құжат Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашып, егемен ел болудың негізін қалады. Бүгінде бұл мерекенің мәні мен маңызын өскелең ұрпақ терең түсініп, құрметпен атап өтеді. Қала тұрғындарының қатысуымен мерекелік концерт өтіп, ұлттық нақышта безендірілген көрме ұйымдастырылды.

Сауда үйінде қолөнер шеберлері дайындығын бұйымдары жайылды. Ал сахна төрінде «Алтын сақа» инновациялық орталығының тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Олар Республика күні мерекесінің мәнін дәріптеп, ұлттық рухты асқақтатты.Мерекелік шараға орталықтың 100 ге жуық тәрбиеленушілері қатысты. Ән айтып, би биледі. Мұндай шараларды жиі ұйымдастыратын орталық тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше мән береді.

Аманкелді Ибраев, «Алтын сақа» инновациялық орталығы басшысының орынбасары

Сол үйірмелердің тәрбиеленушілері ата-аналардың қолдауымен жетекшілердің жетекшілігімен осында келіп шара ұйымдастырып жатырмыз. Яғни, сахнада қазіргі уақытта вокал, сахнада өнер көрсететін болады.

Өңір тұрғындары өткен шараны ерекше ықыласпен қарсы алды.

Әйгерім Тоқпанқызы