Түнгі орындар балаларға арналмаған. Десе де, ата-анасына ырық бермей немесе ата-ананың жауапсыздығынан көңіл көтеру орындарында, көшеде жүретін жасөспірімдер аз емес. Бұл жағдайдың алдын-алу мақсатында қалалыұ полиция басқармасы арнайы реидтік шара ұйымдастыруда.

Жансая Шодыр, полиция басқармасының инспекторы:

Он сегіз жасқа дейінгі балаларды оннан, он бірден кейін осылай кқшелерде жүреді. Біз күнделікті реидтік іс-шараларды жүргіземіз. 18 жасқа толмаған баларды анықтап, ата-аналарын шақырамыз, сосын әкімшілік хаттама толтырамыз.

Айта кетерлігі, кәмелетке толмаған жасөспірімдерді түнгі ауысымда жұмысқа алып, кәсіп иелері де заң бұзып отыр. Мұндай бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері 10-нан 50 АЕК-ке дейін. Осындай реидтік бақылаулар арқасында түнгі клуб әкімшілігі қонақтарын жіті тексеріп кіргізуде.

Александр Кремер, меңгеруші:

Кіре берісте күзет қызметі бар. Қонақтар құжаттың түпнұсқасын ұсынады. Құжат иесінің 21 жастан асқанын растайтын құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда ғана. Құжат бар, бәрі рет-ретімен болса, адам өтіп, демала алады.

Бұндай жағдайды болдырмау үшін мамандар алдын-алу шаарсын да көп жүгінеді.

Жансая Шодыр, полиция басқармасының инспекторы:

Ұсталғаннан кейін ата-анасына өзіміз қоңырау шалып, оларды жауапқа тарамыз. Профилактикалық жұмыстары көбіне өткіземіз.

Рейд барысында компьютерлік клубтардың біріне полиция қызметкерлері заңды тұлғалардың еріп жүруінсіз кәмелетке толмаған екі қызды тоқтатты. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, ескерту жасалды.  Жыл басынан бері заңды тұлғалардың қатысуынсыз ойын-сауық мекемелерінде, кафелерде, барларда, мейрамханаларда және компьютерлік клубтарда 25-тен астам факті анықталған.

 

Жанасыл Серікбол