2025 жылы Павлодар облысында туризм саласына 21 млрд теңгеден астам қаржы тартылған. Биыл бұл көрсеткіш 22 млрд етңгеден асады деген жоспар бар. Облыс аумағына келушілер саны да жыл сайын артуда.

Баянауыл, Маралды, Шалдай, Тұзқала сияқты демалыс орындары мен Мәшһүр Жүсіп, Ғабдул Уахит хазірет кесенесіне жұрт көп келеді. Павлодар облысында демалушылар саны жыл сайын 27 пайыза артып отыр. Облыс биыл 256 мың адамды күтіп алуға дайындалуда. Мүмкіндікті арттырып, инфарқұрылымды дамытуда.

Қайрат Ахметжанов, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы

2 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Олар: Сабындыкөл көлінің жағажайын абаттандыру және шолу алаңы. Баянаул ауылында Визит-орталығының құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 1,084 млрд.теңге сомасына Жасыбай көлінің жағажайын абаттандыру бойынша жоба жоспарланған. 2025 жылы Жасыбай көлінде «Березовая роща» қонақ үйінің жаңа корпусын салу бойынша жобалар іске асырылды. 2026–2027 жж. 18 млрд.теңге сомасына 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жаз мезгілінде туристер көп жиналатын орындарда демалушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияның кезекшілігі ұйымдастырылады. Негізгі туристік аймақ – Баянауыл ауданында туристік полицияның 2 бекеті бар, онда 13 қызметкер жұмыс істейді. Жасыбай демалыс аймағында полиция арнайы жасағының 10 қызметкері және медициналық пункт кезекшілік атқарады. Бұдан бөлек, Баянауыл ауылында 72 бейнебақылау камерасы орнатылған, ал Жасыбай демалыс аймағы мен Торайғыр ауылында 12 камера бар. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің жағажайларында жалпы саны 9 құтқару мұнарасы орнатылған.

Қайрат Ахметжанов, Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Павлодар облысы бойынша «Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің балансында 6 өрт сөндіру автоцистернасы бар. Олар Баянауыл ауданы аумағында орналастырылып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді. Ситуациий.

Туристерге көптеген танымдық-экскурсиялық шаралар да жоспарланған.