Баянтау спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан жарыс өтті. Турнир «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Спорттық додаға облыстың қала және аудан әкімдіктерінен құралған 13 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыстың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұйымшылдық пен командалық рухты нығайту. Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды сала. Сондықтан мұндай жарыстар қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын арттырады.

Айгүл Әлімбаева, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы

Мелекеттік қызметте маңызды саналатын тәртіп пен әділдік спорт алаңынлда да байқалады. Осы турнир тек спорттық жарыс қана емес, бұл адалдықтың, жауапкершіліктің көрінісі. Барлық қатысушыларға сәтті ойын және жарқын жеңіс тілейміз.

Турнир барысында командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қатысушылар алаңда тек спорттық шеберліктерін ғана емес, тәртіп пен өзара құрмет мәдениетін де көрсете білді.

Серік Тезекбаев, Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің әкімі

Ақтоғай ауданынан ең мықты мемлекеттік қызметшілерді теріп, ойынға келдік. Өзім 12 жылдан астам ойнаймын волейбол. Республикаға да бардық. Чемпион болып атандық. Павлодар қаласының құрама командасында боламын өзім. Ақтоғай ауданында өзімізде де лигамыз өтеді. Жеке құрамаларымыз бар.

Тартысты өткен кездесулерде әр ұжымның жеңіске деген жігері байқалды. Жарысқа қатысқан 13 команда өзара бақ сынап, үздіктерді анықтауға мүмкіндік алды.

Сабина Жолдаспаева