Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесінде хор құрылды. Хор 40-қа жуық өнерлі әрі талантты қызметкерлерден жиналды. Олардың репертуары патриоттық әндерге толы. Бүгін Хор алғаш рет сахнаға шықты. Өнер ұжымының алғашқы қадамына бізлің түсірілім топ таспалады.

7 - мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Павлодар облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері салтанатты шара өткізді. Шарада департаментте жылдар бойы еңбек еткен қызметкерлер, жас мамандардың ата аналары түрлі деңгейдегі марапатқа ие болды.

Бұл жолғы салтанатты кештің ерекшелігі – облыстық қылмыстық атқару жүйесінде хор құрылды. Алғаш рет олар мерекелік шарада сахнаға шығып, өнерлерін көрсетті.

Хордың құрамына 5 мекеме және департаменттен 40-қа жуық қызметкер енді.

Әсем Иманғазинова, Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы

Басшылық бастамасымен біздің қызметте алғаш рет шығармашылық жоба қолға алынды, яғни хор құрылды. Бүгін хор алғаш рет сахнаға шықты. Аталмыш жобаның жүзеге асуы рухты көтеріп, қызметкерлердің шығармашылық қабілетін көрсетуге бағытталған.

Жанерке Марат, Павлодар қаласы пробация қызметінің инспекторы

Мен хорға бірінші рет қатысып тұрмын. Ешқашан ән айтпағанмын. 40 қа жуық қызметкер қатысты. Қазір біз Катюша мен Атамекен.

Хордың құрылғанына аз ғана уақыт болса да көпшіліктің көңілін аулап үлгерді.

Самал Қалиқызы