Салтанатты сапта жүру, сапта ән айту. 7 мамыр Отанқорғаушылар күніне орай Ақсу қаласында да салтанатты шара өтті. Оған білім ордалары айрықша ат салысты. Самал Қалиқызы шаһарға арнайы барып, салтанатты шараның куәсісі болды. Толығырақ тілшіміз жалғастырсын.
7 мамыр – ерлік пен елдіктің мерекесі. Осыған орай Ақсу қалалық саябағында салтанатты сап түзеу ұйымдастырылды. Қала әкімі қатысып, Отанқорғаушыларды мерекемен құттықтады.
Салтанатты сап түзеу Ақсу қаласы мектептерінің 8-11 сынып оқушылары, колледждердің студенттерінің көрсетілімінен басталды. Алғашқы кезеңде қатысушылар салтанатты маршпен өтті, екінші кезеңде ән айтып өтті.
Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерді осындай жиындардың маңыздылығы жоғары деп отыр.
Мейрам Жамалбаев, Ақсу қаласының мамандандырылған гимназия мектебінің аәд және технология пәнінің мұғалімі
Осы қарулы күштерге біз мектептің қабырғасында жүрген кезде балаларды отансүйгітік тәрбиелейміз. Бұл үлкен үлес. Саппен жүру, ән айту, автоматты жинаса ертең әскерге барғанда жеңіл болады. Сондықтан сондай тәрбие беріп жатыр. Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай да шара өтеді. Оған қатысамыз. Қаланың алдынғы еңбеігіміз.
Жалпы 8 команда қатысты. Үшінші кезеңде олар автоматты уақытқа бұзып, жинау бойынша жарысты.
Әлихан Исабаев, №8 мектептің оқушысы
Бір айдан дайындалдық. Бұл барлық мектептердің оқушылары, ер балалары үшін маңызды деп ойлаймын. Бұл біздің рухымызды асқақтатып, патриоттық сезім сыйлайды. Мен болашақта әскерге барғым келеді. Болашақта ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істегім келеді.
Салтанатты шарада түрлі салада жылдар бойы еңбек еткен азаматтар Павлодар облысы және Ақсу қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Самал Қалиқызы