Отан қорғаушылар күніне арналған «Әнім, жырым саған – туған ел!» қалалық шығармашылық патриоттық әндер байқауы өтті. Оған 130-ға жуық оқушы қатысып, сахнада өз өнерлерін ортаға салды.
Патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар Отан, бейбітшілік және Жеңіс күні тақырыбындағы әндерді орындады. Байқау жеке орындау, дуэт және вокалды топ номинациялары бойынша өткізілді. Қатысушылар тек вокалдық шеберлігін ғана емес, сахна мәдениеті мен орындаушылық қабілетін де көрсетті.
Ирина Ефимова, балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Осы жылы байқау 3 кезең бойынша өтіп жатыр. Негізгі мақсатымыз – бүлдіршіндердің бойына патриоттық сезімді ұялату. Бізге әр жыл сайын әскери бөлім қызметкерлері ботқа әзірлеп алып келеді. Бұл балаларға байқау алдындағы керемет тосын сый.
Қатысушылардың айтуынша, мұндай байқаулар сахнада өзін еркін ұстауға, шығармашылық қабілетін дамытуға және үлкен аудитория алдында өнер көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. Ал көрермендер жас таланттардың өнеріне жоғары баға беріп, жылы қабылдады.
Айша Айтқожанова, қатысушы
Мен барлық мектептерде, іс-шараларда ән айтып келемін. Ән айту маған әжемнен дарыған. Өзіме да ән айтқан қатты ұнайды, менің хоббиім десемде болады. Әнді таңдауға маған менің ұстазым көмектесті.
Айзере Қабдырова, қатысушы
Мен өз әнімді орындап болдым. Сахнада әрине қобалжу болды. Бірақ мен әндә ойдағыдай орындап шықтым деп ойлаймын.
Айта кетейік мұндай байқаулар дәстүрлі түрде жалғасып келеді.
Дильназ Қуанышбекқызы