Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ертіс ауданында жұмыс сапарымен болды. Ондағы көктемгі егіс науқаны барысымен, ауыл шаруашылығы саласында іске асырылып жатқан бастамалармен танысты.
Алдымен ауданның жол жағдайы тексерілді. Ертіс облыс орталығынан шалғай жатыр. Шеткері жатқан ауылдар көп. Ол ауылдарға апаратын жолдардың жөнделуі үшін биыл 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Биыл аудан бойынша ауылдарға кіреберіс жолдардың мәселесі толық шеліледі деп жоспарланған. Ауылішілік жолдар да назардан тыс қалмайды. Бұдан бөлек, ауылдарды жалғайтын бірқатар жобалар іске асып жатыр.
Нығман Жүсіпов, Ертіс ауданының әкімі
Сілеті-Қызылағаш жолы 19 шақырым. Биылға 7 шақырым қалды. Аудандық маңызы бар жол. Сонымен Сілеті-Қызылағаш толығымен аяқталады. Голубовка-Қызылқақ 19,4 шақырым 1 млрд 574 млн биыл бастайтын боламыз. Келесі жол Панфилов-Қосағаш жолы 17 шақырымнан 9,2 шақырым қалды. Толығымен асфальтталады. Барлығы биыл аяқталады.
Аймақ басшысы аудан орталықтарының көшелерін толықтай асфальттауға назар қою керектігін айтты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Жалпы аудандарда аудан орталықтарында барлық көщелер 100 пайыз асфальтталуы керек. Бұл әрине бір жылда істелмейді. Жоспарға сәйкес. Жұмысты бастадық қой. 2023, 24, 25, 26. 2027-2028 де толық аяқталатындай. Аудан орталықтарының барлық көшелері қамтылуы керек.
Бұдан соң облыс әкімі аудандағы көктемгі егістік жұмыстарының барысымен танысты. Ежелден егінді аудан биыл 328 мың гектар алқапқа дән сеппек. Оның 207 мың гектары астық дақылдары. 29 мың гектарға жуық жем-шөп және 90 мың гектардан астам алқапқа майлы дақылдар егіледі. Облыс әкімі науқанды тыңғылықты әрі сапалы жүргізуді тапсырып, ауданда атқарылып жатқан жобалармен танысты. Соның бірі «Западый» ШҚ іске асырып жатқан ет өңдеу кешені. Оған 1,5 млрд теңге инвестиция тартылып отыр. Жылдық қуаттылығы бір жарым мың тонна өнім. Жоба 25 жұмыс орнын ашады.
Аймақ басшысы жаңа бастап жатқан кәсіп түріне инфрақұрылым жағынан көмек кеөрсетілетіндігін айтты.