Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында елімізде ерлігі мен жанқиярлығы тұтас бір буынның батырлығының символына айналған жандарды қолдау жұмыстары жалғасуда. Дәстүр бойынша ерекше назар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне аударылып отыр. Бүгінде Қазақстанда мұндай ардагерлердің саны небәрі 57 болса, оның төртеуі біздің өңірде тұрады.
Майгүл Рахымжанова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы
9 мамыр мерекесі қарсаңында облыстың қала-аудандарында Ұлы Отан соғысының төрт қатысушысына 5 миллион теңге көлемінде төлем жасалды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген азаматтарға да келесідей төлемдер берілді. Фашистік концлагерь тұтқындарына – 200 мың теңге, қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 150 мың теңге, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңге, қайтыс болған ардагерлердің жесірлеріне – 60 мың теңге төленді. Жалпы, төлемдермен 2 мыңнан астам адам қамтылып, оған 235 миллион теңге жұмсалды.