Аққулы ауданында Абай күнін тойлау осыдан 10 жыл бұрын басталған. Осы шағын ауданда аталып келген мереке данышпанның 175 жылдығынан бері бүкіл ел бойынша аталып келеді.

Айзада Құрманова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Бұл ауқымды рухан шараға бірінші күннен ат салысып, тікелей қолдау беріп келе жатқан атақты жерлесіміз, академик, абайтанушы Ғарифолла есім ағамзы. Бүгінгі сәтті пайдаланып Павлодар облысы әкімдігінің атынан ағамызға еліміздің әлеуметтік-рухани сана –сезіміне қосқан үлесі үшін алғысымды білдіргім келеді.

Ғарифолл Есім Қазақ Ұлттық университетінің аспиранты кезінен бастап философия ғалымына қадам басты. Бала кезден көкірегіне сіңген абайтану бағытында еңбектенуді ерте бастады. Ұзақ ізденістің нәтижесінде 1994 жылы «Абай дүниетанымындағы Алла мен Адам болмысы» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Шахимардан Әбілов, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері:

Біз үмітті адамбыз, үмітті көздейміз. Болашақты көздейміз. Сондықтан, біздің барлық білетініміз үміт, ғылым, өнер. Осыны ұрпаққа қалдырып кетуіміз керек. Сондай ұлы азаматтың бірі, әлемдегі абайтанушылардың бірі Ғарифолла Есім. «Абай-Шәкірім-Мұхтар» трилогиясы мемелкеттік сыйлыққа ие болды. Және үш кітабы шетелде шықты. Осының өзі қазақты таныту.

Ғалым 20 - ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда көптеген мақалалар жариялады. Ал, Абайды зерттеу, тану жолында бүгінге дейін тынбай еңбек етуде. Ғалымның «Хакім Абай» және «Социолизм» кітабы  ағылшын тіліне аударылып, қазіргі уақытта Америка елінде сатылуда.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы, академик:

Демек, Абайдың Американдықтарды қызықтыратын ойы болғаны. Егер, ондай ойлар болмаса олар шығармайды. Оларда кітап көп. Кітап жазатындар көп. Олар кітапқа мұқтаж емес. Олар ешкім айтпаған ойға мұқтаж. Сол ешкім айтпаған ойды Абай айтқан. Мен жазғам «Хакім Абай» деп. Соны аударды, Енді 19 елге «Амазон» өздері таратады.

Сондай-ақ, ол саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Ғалым жыраулар поэзсяын зерттеп, Асан қайғы философиясын бүгігі қоғамға ұсынды. Ғалымның мерейтойын Аққулы жұртшылығы абай күнімен қатар атап өтті.

 

Жанасыл Серікбол