Қазақстанда жылқы шаруашылығы – тек ұлттық дәстүрдің бір бөлігі ғана емес, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды сала. Соңғы жылдары бұл сала ғылым мен тәжірибені ұштастыру арқылы қарқынды дамып келеді. Екібастұз қаласында «Қазақстанда және шекаралас мемлекеттерде жылқы шаруашылығын дамытудың перспективалары» атты конференция өтті. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Басқосу алдымен «Өнер» мәдениет үйінде өткен көрмені тамашалаудан басталды. Қолөнер шеберлері келген меймандарға өз туындыларын ұсынып, ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысты. Бұдан кейін шара аясында жоспарлы отырыс өтті. Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов ашып, бұл бағыт өңір үшін аса маңызды екенін атап өтті.
Серік Батырғожинов, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары
Бүгінгі күні тұлпар ізімен жеткен қасиетті халық үшін жылқының орны бөлек екені бәрімізге мәлім. Сондықтан бұл саланы дамытып игілігіне айналдыру қашан да маңызды. Жылқы шаруашылығы бұл тек қана дәстүрлі бағыт ғана емес, ол қазір белсенді дамып келе жатқан жаңа тенденцияға ие.
Облыста жылқы саны тұрақты өсіп келеді. Қазір өңірде 300 мыңнан астам төрт түліктің төресі бар. Олардың жартысынан көбісі Баянауыл, Май және Екібастұз аудандарының ауылдық аймақтарында шоғырланған. Ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші күнінде Қамбар ата түлігінің көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараға еліміздің әр өңірден келген атбегілер қатысты. Сондай-ақ асыл тұқымды жылқылардың көрмесі өтті. Жалпы, жылқы өсіру — тек шаруашылық іс ғана емес. Бұл ғылыммен үштасқан жұмыс.
Серік Сәдуақасов, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты
Ғылыми тұрғыда жылқыны қалай дамытамыз. Өнімділігін қалай бірге ғалыдармен бірігіп, осы жұмыс істелінеді. Расколдар салынды. Осы жерде племенное ядро, жылқының сапасын түзетуге. Қазақстанда 4 млн аса жылқы бар. 40.400 млн бола ма сол бағытта біз ғылыммен бірігіп жұмыс істеуіміз керек.
Жылқы өсіру — ғылым мен шаруашылықтың үйлесімін қажет ететін сала. Асыл тұқымды жылқыларды дамыту еліміздің мәдениеті мен экономикасын нығайтуға ықпал етеді. Сондықтан бұл бағыттағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар жалғасын табады.
Әйгерім Тоқпанқызы