25 қазан – Республика күні. Бұл мереке тек салтанатты шаралармен ғана емес, елде бой көтерген әлеуметтік және спорттық нысандармен де ерекшеленеді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның түкпір-түкпірінде мыңдаған заманауи кешен салынды. Солардың бірі шаһарамыздағы «Баянтау» спорт сарайы. Бүгінде бұл орталықта күн сайын мыңнан аса спортшы шұғылданып, кәсіби деңгейге жетуге мүмкіндік алады.
Өңіріміздегі «Баянтау» спорт сарайы 2012 жылы есігін ашты. Сол кезеңде елде бұқаралық спортты дамытуға ерекше серпін беріліп, республика өңірлерінде жаңа кешендер бой көтере бастады. «Баянтау» соның ішінде ең ірі спорт орталықтарының бірі болды. Мұнда жергілікті және республикалық деңгейдегі жарыстар жиі ұйымдастырылады.
Асқар Дощанов, Павлодар қаласы «Баянтау» спорт сарайының басшысы
Мында әр жұма сайын жарыстар өтеді. Ерекше жоспарымыз бар. сол жоспар арқылы біз жарыстар өткіземіз. Қалалық, облыстық республикалық жарыстар өтеді. Одан бөлек, ашық жарыстар өтеді. Өйткені басқа да мемлекеттен келеді спортшылар. Осындай нәтижеге жеттік біз.
Орталықта 8 спорт залы бар. Үлкен ойын алаңында волейбол, баскетбол және футзал жарыстары өтеді. Көркем және спорттық гимнастикаға арналған жеке залдар, бокс пен күрес залдары, акробатикаға арналған орындар жұмыс істейді. Кешенде бір мезгілде 1000-нан аса спортшы дайындалады. Ал, көрермен залы 500-ден аса адамды қабылдайды.
Асқар Дощанов, Павлодар қаласы «Баянтау» спорт сарайының басшысы
Бізде 46 жаттықтырушы бар. Олардың тәжірибелері өте үлкен. Балалармен жұмыс өткізеді. Жарыстарға қатысады. Жақсы нәтижелерге жетеді. Залдың шінде жарық, жылу, тазалық бәрі жақсы болу керек міндетті түрде. Санитарлық норма деген бар, оның бәрі бізде қамтамасыз етілген. Мүмкіншіліктер береміз. Ал, керек жарақтарды спорт федерациясы, клубтар барлығын береді.
Республика күні – егемен елдің жетістігін айшықтайтын маңызды мереке. Осы мейрам қарсаңында елде салынған әлеуметтік нысандар мемлекет саясатының нәтижесін көрсетеді. «Баянтау» спорт сарайы тәуелсіздік жылдарында өңірлерде салынған заманауи спорт инфрақұрылымының бір белгісі. Ол мыңдаған жасқа жол ашып, кәсіби спортшылардың шыңдалуына үлесін қосты.
Сабина Жолдаспаева