Павлодар облысының полиция департаменті «Бейбіт күннің батырлары» атты фотокөрме ұйымдастырды. Көпшілікке ұсынылған фотожұмыстарда полиция қызметінің қызмет барысын бейнелейтін жұмыстар топтастырылды.
Көрме «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделді. Жалпы 30-ға жуық жұмыс ұсынылды. Онда полиция өмірінің әр қырын бейнелейтін жұмыстар бар. Қиындықтар, әсерлі сәттер – бәрі қаз-қалпында көрсетілген.
Жанар Белялова, Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі
Бұл Павлодар қаласының тұрғыны Камил Аллаяровтың жұмысы. Ол мүмкіндігі шектеулі жан болса да фотограф ретінде өзін көрсете алған. Бұл жұмыста ювеналды полиция өкілі жасөспірімен сөйлесіп тұр. Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған байқауда 500 жұмыстың ішінен жүлдегер атанды.
Ал, Баянаыл аудандық полицейлер Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке бөлек экспозиция арналды. Олар оқушыларды апаттан қорғау үшін камаздың астына түскен. Оқиға 2017 жылы ақпан айында болған еді.
Кейіпкер бір жарым жыл ауруханада жатып оңалған. Осы және өзге де қызмет барысында ауыр жолдар фото арқылы таныстырылып, полиция қызметінің көпшілік біле бермейтін қыр-сыры баяндалды. Көрмені қала тұрғындары, жастар мен студенттер, кәсіби фото шеберлі тамашалады.
Александр Бичинев, фотограф
Фотограф ретінде, осы өнердің фанаты ретінде көрмені арнайы тамашаладым. Бірегей көрме деп баға беремін. Құқық қорғау саласының біз біле бермейтін өмірін баяндап тұр. Барлық тақырып қамтылған. Полицияның балалармен жұмысы, жаттығу сәттері, әр түрлі реидтер. Көрмеге жақсы баға беремін.
Ұйымдастырушылар осы шара арқылы полицияның заң мен қоғамға қызмет ететіндігін көрсетіп қана қоймай, насихаттауды да мақсат еткен.