Бүгін, 10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Бұл дата әлемде психологиялық саулықтың маңызын түсіндіру, ерекше жандарға қолдау көрсету мақсатында атап өтіледі. Осыған орай Павлодар қаласында ерекше азаматтар үшін мерекелік шара ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама мен қолөнер көрмесі жастар бастамаларын дамыту орталығында өтті.
Шараны «Альрами» клубы ұйымдастырды. Бұл орталық психоневрологиялық ауытқулары бар жандарға әлеуметтік қолдау көрсететін қоғамдық ұйым. Клубта 130-дан астам адам тіркелген. Мұнда оларға қарым-қатынас жасап, өмірлік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
Юлия Гондарова, Павлодар қаласы «Альрами» клуб үйінің үйлестірушісі
Біз психикалық кемістігі бар адамдармен реабилитациялық жұмыс жүргіземіз. «Альрами» үйі Қазақстанда жалғыз және халықаралық аккредитациядан өткен. Біз шетелдер клубтан ерекше моделі бойынша жұмыс жасаймыз. Бұл реабилитация моделі ең тиімді болып саналады. Біз күнделікті қызмет алушылардың дамуына 8 қызмет түрін көрсетеміз. Тұрмыстық, педагогикалық, еңбек, мәдени, медициналық, заң. Бүгін 137 адамға қызмет көрсетіп отырмыз.
Бүгінгі мерекеде қатысушылар ән айтып, би биледі. Клуб мүшелері өз қолымен жасаған бұйымдар мен тәттілерден шағын жәрмеңке ұйымдастырды. «Альрами» орталығының азаматтары шарадан ерекше әсер алғандарын жеткізді.
Максим Свиридович, Павлодар қаласы «Альрами» клуб үйінің мүшесі
Мен клубқа былтыр бастап келіп жүрмін. Бұл жер маған қатты көмектесті. Бұрын өзімді жайсыз сезіндім. Адамдардан қашатынмын, ұзақ уақыт депрессияда болдым. Одан кейін адамдарға үйрену қиын болды. Клубқа келе бастадым, сол кезде жақсы орта пайда болды. Ұжым мен жылы қарсы алды. Үнемі қолдау көрсетеді. Қатаң ереже жоқ. Реабилитацияға арналған белгілі бір тапсырмалар ғана бар. Қалаған кезде келіп, қалаған кезде кете аласың. Бір жерге қатысу керек болса, қолдап, ашылуға көмектеседі.
Орталықта келушілер тамақ дайындауды, өзін-өзі күтуді, тазалық пен кезекшілік жүргізуге үйренеді. Оларға арналған түрлі үйірмелер мен шеберлік сағаттары өтеді. Мұндай шаралар психикалық денсаулық мәселесіне қоғам назарын аударып, ерекше жандарды қолдауға бағытталған.
Сабина Жолдаспаева