Құтқарушылар күні қарсаңында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін көшпелі брифинг ұйымдастырды. Айта кетейік, 2025 жылдың басынан Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 200-ден астам адам өміріне араша болды.

Бұл шара ерекше, интерактивті форматта өтті. Теориялық бөлімде өрт қауіпсіздігінің негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері мен төтенше жағдайларда тез әрі дұрыс әрекет ету жолдары қамтылды. Ал алынған білімді журналистер бірден іс жүзінде сынап көрді.

Самат Кабдылов, Павлодар облысы ТЖД-нің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері

Біз әлеуметтік жағынан осал топтағы тұрғындарға датчиктер орнату жұмысын жүргізудеміз. 15 тамыздан бастап бүгінге дейін 550-ден астам датчик орнатылды. Бұл – жергілікті билікпен бірлескен үлкен жоба. Сондай-ақ, сіздер көріп тұрған екі ұнтақтық өрт сөндіргіш те осы жұмысымыздың бір бөлігі. Олардың ішінде ақ ұнтақ бар, олар әмбебап әрі қолдануға жеңіл. Алайда, өртті сөндіргеннен кейін ұнтақ бөлме ішін шаңдай басып қалады.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы биыл нығайды. Республикалық бюджет есебінен жеті жаңа заманауи өрт сөндіру-құтқару машинасы, жергілікті бюджеттен Toyota Hilux жедел автокөлігі мен Газель жүк көлігі сатып алынды. Қызметке 165 бірлік өрт-техникалық құрал-жабдықтар, оның ішінде электр генераторлары, мотопомпалар, үрлегіштер, экшн-камералар және бейнетіркегіштер де қосылды.

Берік Омаров, Павлодар облысы ТЖД-нің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары

Болашақта төтенше жағдайлар департаментінің штаты кеңейіп, жаңа техникамен толығады. Биыл бөлімшеге 3 мыңнан астам шақыру түсті, 500-ден астам операция сәтті жүзеге асырылып, 200-ден астам адам құтқарылды.

Құтқарушыларға жаңа заманауи жылу-түтін камералары, дыбыстық ескертуі бар дрондар және арнайы киім үлгілері берілді. Бұл құралдар құтқарушыларға уақытпен бірге ілесуге, төтенше жағдайларды жедел әрі тиімді жоюға зор мүмкіндік береді. Журналистер тек бақылаушы емес, құтқарушылардың жұмысындағы белсенді қатысушыларға айналды.

Құтқарушы болу — бұл жай мамандық емес. Бұл — жүректің ісі. Төтенше жағдайлар қызметінің әрбір қызметкері кәсібилігі мен адалдығын танытып, өңіріміздің қауіпсіздігін бекем ұстап отыр.

Дильназ Қуанышбекқызы