Өңірімізге ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев келді. Президент тапсырмасы бойынша әзірленген салық кодексінің мән-жайын түсіндірді. Жаңа өзгеріс 2026 жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданыла бастайды.

Жаңа кодекс салықтық әкімшілендіруді мейлінше оңтайландыруды мақсат тұтады. Онда бірқатар міндеттемелермен қатар, жеңілдіктер де қарастырылған. Осы өзгеріс болатындығы белгілі болған кезде халықты ең алаңдатқаны қосымша құн салығы еді. Біраз талқылаудан соң ҚҚС ның базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Жаңа өзгерісте ең бастысы әлеуметітк саладағы кәсіпкерлікке мейлінше жеңлдік жасалған.

Ерлан Сағынаев, ҚР ұлттық экономика вице-министрі

Жаңа кодекстің негізгі мақсаты- салықтық әкімшілендірудегі цифрлық мәселерді шешу. Жаңа өзгерістердің арқасында салықтық есеп түрлері 30 пайызға, салықтық төлем түрлері 20 пайызға қысқарды. Шетелдік және отандық инвесторлар үшінде бірқатар жеңіліктер қарастырылды. Өйткені, бұл сала экономикамыз үшін аса маңызды. Ал, әлеуметтік салаға біз үшін аса сезімтал. Мәселен, дәрі-дәрмек пен медициналық қызметке 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10% мөлшерінде бекітілді.

Сондай-ақ, білім мен мәдениет саласына да жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, Отандық мерзімдік басылымды сатудағы салық 10%-ға төмендетіледі. МӘМС, археология, кітап басып шығару ҚҚС-тан босатылады. Алайда, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 мың АЕК-ке дейін төмендетілді. Ауыл шаруашылығы саласына да айрықша жеңілдік жасалып 3 пайыз мөлшерінде қалды.

Ерлан Сағынаев, ҚР ұлттық экономика вице-министрі

Бұл реформа бізге не береді? Ең әуелі салықтық түсімдерді арттырады деген үміттеміз. Сөйтіп, ұлттық қорға тәуелділікті азайтамыз. Тек, соңғы екі жылда 4,5 триллион теңгені ұлттық қордан алдық. Өзгеріс енгізерде көптеген халықаралық тәжірибелерді қарадық. Дүниежүзілік даму банкі, халықаралық валюта қорының сарапшыларын да тыңдадық.

Жаңа кодексте сән-салтанат салығына да айрыша көңіл қойылған. Мәселен, құны 75 млн теңгеден асатын автомобильге, 100 млн теңгеден басталатын ұшаққа, яхта мен қайыққа, қымбат алкоголь мен сигара сияқты тауарларға 10% акциз енгізіледі. Егер барлық жылжымайтын мүлік объектісінің құны 450 млн теңгеден асатын болса, мүлік салығы артады. Мәслихаттар мұндай объектілердің бағалау құнын 50%-ға дейін жоғарылата алады.