«Әкім сағаты» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов. Бағдарлама барысында Аққулы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және халықпен кері байланыс мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 22,94 мың гектар оның ішінде: - дәнді дақылдар-6,87 мың гектар жерге ұлғайды. Бүгінде Аққулы ауданында бақша дақылдарын өсірумен 26 шаруа қожалығы айналысады. Қауын мен қарбыздың 60-тан астам түрін егіледі. Бұл ауднның мақтанышы. Сондай-ақ аудан әкімі тұрғындардың сауалдарына тікелей эфирде жауап берді.
Маңыздыларының бірі-жер мәселе. Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтауды және ауыл шаруашылығы айналымына тарту қалай іске асып туралы бағдарлама барысында айтты.
Хабар барысында жассанды интеллект көмегімен жасалған, виртуалды жүргізуші Адалбек сұрақ қойды.
Әкім уәдесі айдарында Аққулы ауданының әкімі былтыр берген уәдесімен бөлісіп биылғы жылға жаңа уәдесін берді.
Руслан Мұқанов, Аққулы ауданының әкімі
Мен ауданымызда тіркелген мәдени бірлестіктермен кездестім. Жәміш ауылдық округінде би ансамблі ретінде жұмыс істейтін этномәдени бірлестік бар. Олармен кездескен кезде ұлттық киімдер сатып алу жөнінде өтініш білдірді. Өкінішке қарай, биыл бұл өтінішті орындай алмадым. Бұл келесі жылға уәде болсын.Ал осы жылы мен қарттар күні қарсаңында ауданымыздың аға буын өкілдерімен шай үстінде кездесіп, жүзеге асқан жобалар мен болашақтағы жоспарлар туралы әңгімелестік.
«Әкім сағаты» жобасының келесі қонағы Шарбақты ауданының әкімі Сержан Иманқұлов.