Аққулы ауданы мектептерінің жағдайы жылма-жыл жақсарып келеді. Жөндеуді қажет ететін білім ошақтары жаңартылып, қазандықтары заман талабына сай салынуда. Толығырақ тілші сюжетінде
Осы жылдың тамыз айында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Аққулы ауданына барған еді. Сол кезде аудандағы мектептердің қазандықтарын қалыпқа келтіруге тапсырма беріп кетті. Осылайша елдімекендерде 7 жылдан асқан қазандықтар қалыпқа келтіріле бастады. Негізі аудандағы барлық мектептер автономды қазандықпен жағылады. Солардың бірі мына Шарбақты ауылындағы мектептің жылыту қазандығы. Биыл білім ошағы мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеуден өтіп, жылу құрылғысы да жаңартылды.
Ерсін Еркенов, Аққулы аудандық білім беру бөлімінің басшысы
Биылғы 2025 жылы «Ауыл ел бесігі» аясында күрделі жөндеу өткізілді. Мердігер «Намыс строй» компаниясы. Бала саны 180, екі ауысымда оқиды. Мектеп толық жиһазбен қамтылды. 1-11 сыныпқа. 3 модульдік кабинет сатып алынды. Биология, химия, физика кабинеттері. Сонымен қатар, модульдік қазандық сатып алдынды. Тағы бір жақсы жаңалық мектепте балалары әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысады. Жалпы халықтың өзі де мәз. Жалпы аудан бойынша 23 мектеп бар. Бала саны 2255 бала оқиды. 22 мектеп шағын болып есептеледі. Дайындығымыз жақсы. Көмір әкелінді жылу деңгейі жақсы деңгейде өтіп жатыр.
Елдімекенде биыл бұдан бөлек басқа да жұмыстар атқарылды. Көшелер жөнделіп, жолдар асфальтталып, тұрғындардың жайлы жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасалды. Ел азаматтары билікте отырған атқамінерлерге алғыстан басқа айтарымыз жоқ деп отыр.
Талғат Қасенов, Шарбақты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Шарбақты ауылын айтатын болсақ. Үш елдімекеннен тұрады. Биылғы жылы үлкен жоба іске асып, жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта жолдар салынды. Шаруа қожалықтары бар бізде. Шөптерін жинады. Өнімдерінің 80 пайызын өндіріп, жұмыстарын атқарып жатыр. Ауылдан кеткен жастар, қайта келіп жатыр. Су құбырлары бар. ел ақсақалдары атынан айтқым келеді. Рахметімді айтқым келіп отыр.
Аққулы ауданында жолдардың жағдайы да жақсарып келеді. Әсіресе ауылға кіреберіс жолдардың тиісті деңгейде болғаны маңызды.
Самал Қалиқызы