Павлодар қаласы Полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері «Учaске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен танысып, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер азаматтарға онлайн-сатып алу мен ақшалай аударымдар кезінде сақ болу қажеттігін еске салып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеуге кеңес берді. Учаскелік полиция инспекторлардың айтуынша, мұндай кездесулер мен тұрғындармен жеке танысу полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтуға және әртүрлі құқықбұзушылықтардың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың да дер кезінде жолын кесуге мүмкіндік береді.

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Оңтүстік полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қаткенов №14 мектептің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында полиция қызметкері оқушылармен жасөспірімдер арасындағы буллинг және интернет алаяқтық тақырыптарын талқылады.

Кездесу - жасөспірімдердің жауапкершілік сезімін арттыруға, құқықтық сауаттылығын дамытуға және қауіпсіздіктің әркімнен басталатынын түсінуге ықпал етуді мақсат етті.