Павлодар қаласында үй-күйі жоқ жандарды қабылдайтын орталық жұмыс істейді. Ауа райының күрт суытуына байланысты бұл орталыққа келетін адамдар саны да артты. 150 орынға арналған мекемеде қазір 86 адам пана тауып отыр.
Бұл өмірде қиын жағдайға тап болған тұлғаларды әлеуметтендіру орталығы. 4 қабатты мекемеде күн сайын 5-6 адама келіп түседі. Солардың бірі 67 жастағы осы тұрғын. Аты-жөнін атамауын өтінді. Жыл сайын күн суытқан кезде осында келіп, күнін көреді.
Ал мына 70 жастағы ақсақал мында өзі келді. Осында тұрып жатқына 6 ай болыпты. Жағдайым жақсарды дейді ол.
Бұл адамдардың өмірлік жағдайы әртүрлі. Бірі жұмысынан айырылып, баспанасыз қалса, енді бірі ішімдікке салынып кеткен. Орталық мамандары бұл осал топтағы азаматтардың өміріне бей-жай қарамай, қол ұшын созуда.
Әсем Әкинова, өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының директор орынбасары
Қазргі таңда күннің суытынуа байланысты ауа райының қолайсыздыға байланысты. Көбейіп келеді күннен күнге. 4-5 адам қабылдаймыз. Әлеуметтік патруль бар аптасына екі рет.
Күн суытқан кезде осында келіп паналайды. Келушілер саны көбейіп кеткен кезде бір күн түнеп шығатын бөлмелер де бар екен. 3 мезгіл тегін тамақ беріледі. Спорт зал, кітапхана, жуынатын бөлме бар. Сондай-ақ құжатсыз қалған азаматтарға әлеуметтік қызметкерлер куәлік пен қажетті анықтамалар алып беруге жәрдемдеседі.
Әйгерім Тоқпанқызы