Екібастұзда «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Шара барысында вокзал маңындағы скверге 300 түп көшет отырғызылды.
Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, депутаттар, кәсіпорын қызметкерлері мен Екібастұз қаласының тұрғындары қатысты. Бұған дейін қалада өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағы мен көшелерде 600 түп ағаш отырғызылған болатын. Жақын арада тағы да қала скверлеріне қосымша 130 қарағай мен терек көшетттерін отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, санитарлық мақсатта қураған ағаштарды кесу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда шамамен 5000 түп кәрі ағаш ағаш кесілген. Өңір басшысы экологияға қамқорлық көрсету бір реттік ғана шара емес, әрбір адамның күнделікті өмірінің бір бөлшегіне айналуы тиіс екенін атап өтті. \Екібастұз қаласында өткен «Таза Қазақстан» акциясы Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруға, сондай-ақ қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мен қалаларды көгалдандыру мәселелеріне аударуға бағытталды.