Өткен демалыста өңірде қалың қар жауды. Павлодарда коммуналды қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеді. 3 мың тонна ақ ұлпа қар шығарылды. Шаһар көшелері қардан қалай тазаланып жатыр? Толығырақ алдағы материалда.
Облыс орталығында қар тазалау техникасы тәулік бойы жұмыс істейді. Оған 200 ден астам арнайы көлік және 200 қызметкер жұмылдырылған.
Мақпал Қаржаубай, Павлодар қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі
Ең алдымен көлік қозғалысы көп болатын, жаяу жүргінші, әлеуметтік нысандарға баратын және тұрғын үйлерге кіретін жолдар тазаланды. Сонымен қатар, ішкі аудан аумақтарында да қарды қармау жұмыстары жалғасуда. Барлығы шамамен 300 бірлік техника жұмылдырылып, 3 мың тонна қар шығарылды.»
Тазалау жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себілуде.
Әйгерім Тоқпанқызы