Вячеслав Симоненко 1989 жылы дүниеге келген. МЕктеп тен кейін жергілікті жоғары оқу орынында мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сосын қарулы күштер қатарында қызмет етіп келген соң еңбек жолын бастайды. Алдымен жеке серіктестікте заңгер ретінде қызметін бастаған ол Новопокрав ауылдық округі әкімдігінің бас маны ретінде мемлекеттік қызметтегі жолы басталады.
Вячеслав Симоненко, Новопокров ауылдық округінің әкімі:
Бұл қызметті 4 жыл атқардым. 2017-жылы Қозыкеткен ауылдық окурігінің әкімі болдым. Ол қызметімді екі жыл атқарған соң Новопокров ауылдық округіне әкім болып келдім. Осылайша 2019-жылы өзім өскен, ер жеткен, ауылыма қызмет етіп келемі.
Оның жұмыс күні таңғы жетіден басталады. Алдымен ауылды аралап, тыныштығына көз жеткізген соң тоғызда кеңсесіндегі жұмысы басталады. Ауыфлда спорт кешендері жақсы дамыған. Әлі де бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Вячеслав Симоненко, Новопокров ауылдық округінің әкімі:
Ұазір біз жүзу бассеинінің құрылысына жобалық сметалық құжатты жасап жатырмыз. Биыл дайындаймыз деп ойлаймын. Соынмен қатар хоккей кордын салуды да жоспарлап отырмыз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, конкурсқа қатысу үшін ауылдық округ әкімдерінен бес өтінім түскен. Үміткерлер арасында мемлекеттік қызмет өтілі 10 жылдан асатын қатысушылар да болған. Іріктеу кезінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес қабілеттері сыналды.
Жанасыл Серікбол