Ұлттық домбыра күні қарсаңында Павлодарда 5 мыңға жуық оқушы Ахмет Жұбановтың күйін орындады. Ауқымды акцияға өңірдің түрлі білім беру ұйымдарының өнерпаздары қатысты.
Биыл Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл. Сондықтан оның «Би» күйін Променад алаңында 5 мың домбырашы орындады. Шара ұлттық күй өнерін насихаттауға, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруды мақсат етіп отыр.
Самал Қалиқызы