1 шілде күні жаңа Конституция күшіне енген болатын. Ал Павлодарда бұл күн тағы бір қуанышпен есте қалды. Бір тәуліктің ішінде қалада 16 сәби дүниеге келді. Бұл жаңа заңмен бірге жаңа өмірдің де басталғанының символындай әсер қалдырады.


Ақ халаттылардың айтуынша, әрбір сәбидің дүниеге келуі бір отбасы үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін маңызды оқиға. Өйткені әр жаңа туған нәресте елдің ертеңі, болашақтың жалғасы. 

Тоғжан Смағұлова, Павлодар облыстық перинаталдық орталығының неонатолог дәрігері

1 шілде күні, жаңа Конституция күшіне енген күні, біздің перинаталдық орталықта 16 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 7 ұл және 9 қыз бар. Жаңа өмірдің басталуы мен жаңа Конституцияның қабылдануының бір күнге сәйкес келуін ерекше символдық мәні бар оқиға деп есептеймін. Барлық нәрестенің жағдайы жақсы. Қазір олар аналарымен бірге дәрігерлердің бақылауында.

Солардың бірі бесінші сәбиін құшағына алған ана. Оның айтуынша, дәл осы күннің тарихи мәні баласының туған күнін бұрынғыдан да ерекше ете түскен. 

Раушан Әйкенова, Павлодар қаласының тұрғыны 

1 шілде күні бесінші балам дүниеге келді. Бесінші кесорово болды. Қазір жағдайым жақсы, жүгіріп жүрмін. Дәрігерлер жақсы, күтім жақсы болды. Осы күні тілейтінім Қазақстанымыз өркендей берсін. 

Сәбидің дүниеге келуі әрдайым үлкен қуаныш. Ал ел тарихындағы маңызды күнмен тұспа-тұс келген өмірдің басталуы бұл сәтке ерекше мағына береді. Ел бойынша бұл күні 857 бала дүниеге келді. 


Сабина Жолдаспаева