Қазақстан Республикасының заңды күшіне енген Конституциясының басылымдарын белсенді жастарға салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген 30-дан астам жас қатысты.
Ата заң – елдің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Онда заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру қағидаттары нақты көрініс тапқан. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова Конституцияда білім мен ғылымды, инновацияны дамытуға ерекше басымдық берілгенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің басты байлығы – білімді, белсенді әрі жауапты жастар.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Өңіріміздің жастары қоғамдық бастамаларға, волонтерлік қызметке, кәсіпкерлікке, шығармашылық пен ғылымға белсаене ат салысып келеді. Бұл конституцияда айқындалғаның өмірде өз көрінісін тауып отырғанының дәлелі. Сонымен қатар, журналистер қауымы да жауапкершілігі айрықша кәсіби обьективті ақпарат тарату қоғаммен мемлекет арасындағы ашық диологты дамыту, заң үстемдігі мен конституция құқықтарын насихаттау бұқаралық ақпараттар құралдарын маңызды миссиясы.
Жиын барысында қоғамдық бастамаларға белсене қатысып жүрген жастар мен түрлі сала өкілдерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Олардың азаматтық белсенділігі мен қоғамның дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Конституцияның арнайы басылымдарын табыстау – жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, Ата заңға деген құрметті нығайтуға бағытталған бастама. Мұндай шаралар азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық белсенділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы
Бірнеше сәттен бері облысымызда белсенді азаматтарымызды бір алаңға бас қосып отыр, жаңа конституцияны салтанатты түрде осы белсенділерге табысталады. Бұл әрбір шаңыраққа, әрбір отбасыға, әрбір жаспен еліміздің азамат-азаматшаларына елге деген үлестің қосуғадағы басты ерешелігі.
Шарада ақпарат саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі де ерекше аталды. Кәсіби әрі шынайы ақпарат тарату, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту – бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттерінің бірі екені айтылды.
Салтанатты рәсімде белсенді жастарға Конституцияның арнайы басылымдары табысталды. Бұл бастама жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, елдің Ата заңына деген құрметті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Дильназ Қуанышбекқызы