Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Біздің өңірден 700-ге жуық жас сарбаз әскер қатарын толықтырды.
Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде жүргізілді.
Қуат Жақанов, Павлодар облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары
Көктемгі әскерге шақыру 1 наурыздан 30 маусымда аяқталды. Павлодар облысынан 738 әскерге ешақырушы аттанды. Біз оны 114 пайызға орындадық. Биылға берілген тапсырма бойынша Астана, Абай, Өскен, Алматы облыстарына аттанды.
Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат шақырылды. Олардың 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарында мерзімді әскери қызметін өтейтін болса, 7 мыңнан астамы ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге тарта азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне, ал 300-і Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді.
Самал Қалиқызы