Еліміздің дамуына жаңа серпіліс беретін жаңа Ата Заңда ғылым мен білімнің дамуына, ғылыми әлеуетті қолдауға ерекше мән берілген. Конституциядағы бұл өзгерістерді сала мамандары қолдап, еліміздің өркендеуі үшін үлестерін қосуға әзір екенін жеткізді.


Әйгерім Ташекова, қауымдастырылған профессор, PHD доктор 

Айтылған қағидаттар менің тікелей өзімнің кәсіби біліктілігіме байланысты болып табылады. Сол себепті барша өзіміздің жерлестеріміз бен барлық қазақстандықтарды құттықтай отыра, Ата заңымыздың қадір-қасиетінің биік болуына, сонымен қатар еліміздің тұғыры биік болып, ғылыми білімді орта дамуына жастар ретінде біз әрқашан да қолдауға дайынбыз және әрқашан да өзіміздің үлесімізді қосамыз.