Дүниежүзілік жарыста Павлодар облысының атынан 9 спортшы қатысты. Жерлестеріміз жеңіл атлетика, жүзу, садақ ату, спорттық гимнастика, таэквондо, күрес және бокстан сынға түсті. Еркін күрестен алтын медаль иеленген №12 ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Сұлтан Қайыржанды жанкүйерлері сән-салтанатымен қарсы алды.

Бәри Қожахмет, Сұлтанның атасы:

Сұлтан олимпиадаға алтын медельмен, соған жеткізсін. Бәріміз қолдаймыз. Атасы жетпеген күресті Сұлтан жеткізсін. Ақ жол тілеймсін Сұлтанға. Ойлаған арманыңа жетсін.

Сұлтан жеті жыл көлемінде боз кілемде еркін күреспен айналысады. Арманы асқақ. Алға қойған мақсатына жете біледі. Бүгінде 100-ден аса медаль жинақталған. Франция елінде өткен жарқын жеңісі - бапкерімнің еңбегі, жақын жандарының қолдауы деп бөлісті.

Сұлтан Қайыржан, гимназиада жеңімпазы:

7 жыл бұрын бастағанмын осы спортты. Аллаға шүкір чемпион болдым. Аллаға мыңда бір шүкір дегім келеді. Осындай чемпионатты ұтқаныма. Қандай сезімде болып тұрғанымда айталмаймын қазір. Қуаныштын сезімі ғой.

Жағымды жаңалықтар легін №24 ЖОББ мектебінің 10 - сынып оқушысы Аружан Жұмабаева жалғайды. Аружан шет елде садақ атудан жарысқа түсіп, Франция, Бразиялия, Испания, Бангладеш, АҚШ және түрік елдерінің спортшылары арасында  нысанаға тиюден бақталасты. Жалпы, әлемдік деңгейде 15 команда жиналған, Аружан күміс медальді еншіледі.

Аружан Жұмабаева, гимназиада жүлдегері:

Керемет болды. Өте қуаныштымын өзім. Медаль алғанымды күткен жоқпын, еңбегіммен табыс алдық. Қазақстан алтын зачетта тұр. Өте керемет деп санаймын өзім.

Аружан 2019 жылдан садақ ату үйірмесіне барады. Осы жолғы жарыста жеңіске деген сенім аз болды, бастысы абыроймен елімнін атынан өнер көрсетуім қажет болды дейді. Алайда, тыңғылықты еңбегі өз жемісін берді.

Әсем Серікбаева, Аружанның анасы:

Басында өте қобалжыдық. Финалға өтті деп естігенде. Содан теледидар телефон бәрін өшіріп қойдым. Ертеңінде бәрі қуанып, телефон шалғанда қуаншым көкке жетті әрине. Өте қуандық, сөзбен жеткізе алмайтын шығармын.

Гимназиада - 2022 француз қаласы Нормандияда 14-22 мамыр аралығында өтті. Әлемдік деңгейдегі турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан Франция мен Бразилиядан кейін 3-ші орынға жайғасты.

 

Мөлдір Сағидолла