Павлодар қаласын көгалдандыру жұмыстары басталды. 1 мамырдан басталған экологиялық шара орталық жағалау қала көшелері мен саябақтарын қамтиды. Биыл 30 мың шаршы метр жерге бір жылдық және көпжылдық гүлдер егіледі.
Биыл гүлдердің бірнеше түрі егіледі. Атап айтқанда, тагетес, цинния, сальвия, раушан гүлдері мен шырайгүл сияқты сәндік өсімдіктер отырғызылады. Бұл өсімдіктердің көбі – бір жылдық өсімдіктер. Олар Астана қаласынан арнайы жеткізілген. Айта кетейік, гүлдерді отырғызу мен суару жұмысына «Аялы алақан» мердігер мекемесі жауапты.
Ернар Қаиров, Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі көгалдандыру секторының бас маманы
Жасыл қорды күтіп-баптау жобасы аясында гүлзарлар мен көгалдарды орналастыру жұмыстарына оқушылар мен студенттер де жұмылдырылды. Бұл мақсатқа жергілікті ТҮКШ бөлімі «Аялы алақан» мердігерімен келісімшарт жасалды. Жобаның жалпы құны шамамен 600 миллион теңгені құрайды. Келісімшарт аясында бірнеше жұмыс түрі қарастырылған: гүл егу алаңдарын дайындау, топыраққа тыңайтқыштар себу, бір және көп жылдық гүлдерді отырғызу, көгал алаңдарын әзірлеу, гүлзарларға арналған темір конструкцияларды орнату және оларды суару. Суару жұмыстары арнайы кесте бойынша жүргізіледі және ауа райына байланысты реттеліп отырады.
Айта кетейік, гүл отырғызу жұмыстары 1 мамыр күні басталған еді. Бұл жұмыстар мамыр айының соңына дейін жалғасады.
Сабина Жолдаспаева