Павлодар қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Сағындық Өлмесекұлы Есімхановты еске алуға арналған салтанатты шара өтті. Оның құрметіне өзі еңбек еткен әкімшілік ғимараттың қабырғасына мемориал тақта орнатылды.Салтанатты рәсімге марқұмның отбасы, туған-туыстары, бұрынғы әріптестері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары жиналды.
Сағындық Өлмесекұлы 1959 жылы 24 наурызда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Галкин ауылында дүниеге келген.Ол қызмет еткен әр салада – саясатта, қоғамдық жұмыстарда – өзіне жүктелген міндетті зор жауапкершілікпен атқарды. Қай жерде жүрсе де, туған өлкенің мүддесін биік қойып, адал еңбегімен ерекшеленді.
Азамат Есімханов, С.Есімхановтың ұлы
Менің әкем қарапайым ауыл баласынан Қазақстан республикасының сенаторы лауазымына дейін жетті. Ол Павлодар облысына үлкен үлесін қосты және республика бойынша көп қызмет атқарды. Жақсының аты өлмейді. Әкемнің еңбегі өзгелерге үлгі. Ол елім деп еңбек етті.
Сағындық Өлмесекұлы жылдар бойы қызмет еткен бұрынғы облыс әкімдігі ғимараты — өңірдің басқару орталығы. Мемориал тақтаның дәл осы нысанға орнатылуы — Сағындық Есимхановтың туған жерінің дамуына қосқан үлесіне деген зор құрметтің белгісі.
Гүлжан Қожамжарова, С. Есімхановтың әріптесі
Әріптесіміз Сағындық дос болып кеткен, туыстай болып кеткен Сағындық Өлмесекұлы екеуміз кезінде жас кезімізде Комсомолда бірге қызмет жасағанбыз.Содан кейін мен 91 жылы Москваға асперантураға кеттім академияның.Сол Москваға асперантураға жетектеп бірініші класқа апарғандай мені жетектеп апарған Сағындық еді.
Жиын соңында жиналғандар гүл шоқтарын қойып, Сағындық Есимхановтың өнегелі өмір жолына құрмет көрсетті.
Дильназ Куанышбекова