Фашистік Германияға қарсы соғыста асқан ерлік танытып, өзінің ғана емес, халқының да ержүректігін паш еткен жандардың бірі Махмет Қайырбаев еді. Халық жауының баласы атанған ол қарапайым ұстаз болуды армандады. Алайда, ол арманға жетуге уақыт мұрша бермеді. 1942-жылы армия қатарына шақырылып, майданға аттанды.

Ол туралы зиялы қауым өкілдері, майдандас серіктері аңыз қылып айтатын. Соғыс ешкімді де аяған жоқ. Ұрыс даласында мықтылар мен жүректілер, ақылы мен айласы тең, мінезі қайсар жандар ғана ерлік көрсете алады. Ондай жандар жаудың бетін ғана қайтарып қоймай, өздерін қуғынға салып қауіп төндіреді. Махмет Қайырбаев жауынгерлердің осы санатынан болатын.

Литвадағы кескілескен шайқаста ержүрек Қайырбаев бастаған жауынгерлер Шяуляй қаласына өтер жолды жапты. Қайырбаевқа көрсеткен ерлігі мен тапқырлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол Павлодар облысында партия қызметінде болды.

Осы мінез, осы болмыс Махмет Қайырбаевты тек Кеңес Одағаныңы батыры емес, халықққа жақын ұл етті. Ел ішінде беделі артты. Махмет Қайырбаевпен істес болған қызметтестері, жақын жүрген жолдастары, сондай-ақ, барша халық оның сөзі мен ісі жарасқан болмысы үшін құрметтеді.

Халыққа жағымды, пейілі ең болуының бір себебі жаны білімге жақын болғандықтан болса керек. Соғысқа дейін алған ұстаздардың тәрбиесі оны әрқашан ізгі мұраттарға жетелеп отырды. Ерлігімен де, еңбегімен де ел есінде қалған Махмет Қайырбаев 1996 жылы Павлодар қаласында дүниеден өтті. Артында ұрпақтары, ел жадында жарқын естеліктер қалды.

Жанасыл Серікбол