Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйытқы болуымен Жеңістің 80 жылдығына орай арнайы көрме ұйымдастырылып, Кеңес Одағының батыры Серікбай Мүткенов жайлы кітаптың тұсауы кесілді. Шараға біздің түсірілім тобы да куәсі болып қайтты.

Көрмеде майдангерлерден қалған жәдігерлер топтастырылды. Көбі соғыс өтінде жазылған хаттар мен өлеңдер. Онда жауынгердің рухты көңіл-күйі мен елге деген сағынышы жазылған. Орхан Дүрмановтан қалған құнды мәліметтер де көрме төрінде. Музейге майдангердің келіні өткізіпті.

Рысты Мусинова, майдангер Орхан Дүрмановтың келіні

Оңайлықпен бұл жеңіс келген жоқ. Соғыста болғандардың, ардагерлердің, бүкіл еліміздің жүрегінде осы уақиға мәңгі жүрегімізде қалады. Бұл өте керек нәрсе. Өсіп келе жатқан жеткіншектер соғыс туралы тек кітаптардан аған оқыды. Жауынгер аталарының жасаған ерліктерін осы көрме арқылы өздеріне ғибрат алады деп ойлаймын.

Ал, бұл жауынгер Бағау Нокиннің жазған хаттар. Латын қарпінде терілген екен. Кейбіріне қан араласқан. Сондықтың түбінде жатқан жерінен музей қорына табысталды.

Маратбек Нокин, майдангер Бағау Нокиннің ұлы

Осы әкелер болмағанда жеңіске жетпес едік. Осы көрмеде әкемнің жазған хаттары бар. Осы хаттарды болашақ ұрпаққа жеткізу керекпіз. Бұл күндерді ұмытпау керекпіз деп ойлаймын. Сол оймен әкемнің жазған хаттарын музейге табыс еттім.

Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз Серікбай Мүткеновтың жеке жауынгерлік құралдары да арнайы жеткізіліпті. Тағы осындай көптеген майдангерлердің жеке заттары мен жазбалары көпшілікке ұсынылды. Барлық жәдігерлер жеңіске деген әр қадамнан сыр шертеді.

Кеңес одағының батыры Серікбай Мүткенов жайлы жаңа кітап жарыққа шықты

Көпшілік қауым әрмен қарай Серікбай Мүткенов жайлы жазылған кітаптың тұсаукесер шарасына жиналды. Батыр жайлы жазылған еңбектер көп. Алайда, бұл жолғы кітап тың деректерге толы.

Абзал Рымбек, кітап авторы, Бұқыр Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қызметкері

Серікбай Мүткеновтің көзі тірісінде бұл атақ берілмеді. 1943-жылдың 28-қазанында Днепр бойында алғашқы ерлігін жасаған еді. Сол үшін батыр атағына ұсынылды. 1944 жылдың қаңтар айында Резино ауылының тұсында екінші ерлігін жасап, сол жерде қаза табады. Батыр атағы 1944 жылы ақпан айында берілді. Көбі Серікбай Мүткеновты Резинодағы шайқасы үшін алды деп ойлайды. Ол ай емес. Днепрдегі шайқасы үшін алған. Резинодағы ерлігі ескерілсе Кеңес Одағы батырын екінші мәрте алушы еді.

Жеңіс деген сөз айтқанға оңай. Артында қаншама қасірет, тұтас елдің арқалаған азабы тұр. Бүгінде бұл соғыстың айналасында айтылар сөз көп. Ең бастысы тұтас жаһанған төнген қауіпті сейілту жолында біздің бабалар да қан төккендігін тарих біледі.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Шын мәнісінде «Боздақтар» деген кітапты оқып отырсаңыздар Павлодар өңірінен 21 мыңға жуық адамның тізімін көргенде бір ұрпақты құрбандыққа шалып жіберген оғыс болған екен епд есептейміз. Ең бастысы – тарих. Аталарымыз ерлік жасады. Біз барда оларға тағзым етіле береді.

Шара аясында «Ерлік пен естілік» кітабының авторлары мараптталып, құрметке ие болды.

Жанасыл Серікбол