Павлодар облысы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерді анықтау бойынша рейд жүріп жатыр. Экологиялық апатқа жетпеу үшін, мәселені бүгіннен бастап шешкен абзал. Өңірдегі полигондардың жағдайы туралы.
Рұқсат етілмеген қоқыс орны – бұл қалдықтарды төгуге арналмаған аумақта өз бетімен пайда болатын нысан. Ол қоршаған ортаға, адамдар мен жануарлардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Осы ретте аймақтағы заңсыз қоқыс орындары анықталуда.
Әсет Сыздықов, Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары
Ағымдағы жылы әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Рұқсат етілмеген жерде қоқыс үйіндісі пайда болған жағдайда, бұрынғыдай жеке және заңды тұлғаларға 100 және 1000 АЕК көлеміне дейін айыппұл ұлғайтылды. Бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда 200 және 2000 АЕк көлеміне дейін жетеді. Оған қосымша мүлік тәркіленеді. Бұрын мүлікті тәркілеу болмаған.
Жалпы экологиялық мәдениетті тәрбиелеу – бұл табиғатқа, қоршаған ортаға саналы әрі ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қалдықтарды рұқсат етілмеген орындарға тастау – жазасыз қалмайтынын жеткізу маңызды.
Әсет Сыздықов, Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары
Қазір бізде Павлодар облысы бойынша 4 рұқсат етілген қоқыс орындары бар. Ол Павлодардағы «Эко әлем» қоқыс үйіндісі, Екібастұз бен Ақсуда қоқыс полигондары және Баянауылда орналасқан. Осы нысандарда барлық рұқсат етілген құжаттар бар. Облыс бойынша жалпы 321 полигон анықталды. Қалғандарында тиісті құжаттар жоқ.
Бүгінгі таңда рұқсат етілмеген қоқыс орындарының болуы – ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып отыр.
Александр Вервекин, «Amanat» партиясы ПОФ жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі
Менің ойымша, біріншіден рұқсат етілген жерге қоқыс алып барса ақшасын төлеу керек. Жағдай ауыр, себебі жердің беткі қабатын жою деп ойлаймын. Бұл жақсылыққа әкелмейді. Алдымен, жергілікті атқарушы органдар мына жерді тазалау керек, екіншіден камера қойған дұрыс дей ойлаймын. Нақты кімнің қай уақытта қоқысты тастап кеткенін анықтау үшін.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мәселесін шешу жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында тапсырма берген болатын. Осы тапсырманы орындау аясында Экология және табиғи ресурстар министрлігі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау және алдын алу бойынша ауқымды шаралар өткізіп жатыр
Самал Қалиқызы