Павлодарда болашақ батырлар бас қосты. Оқушылар сарайы алаңында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Батырлар жарысы» турнирі ұйымдастырылды. Бұл жолы 7-8 сынып оқушылары ұлттық рухты ұлықтап, ептілік көрсетті.

Спорттық турнир Отан қорғаушылар күніне орайластырылып, әскери-патриоттық бағытта өтті. Жарыстың мақсаты жасөспірімдердің салауатты өмір салтын насихаттап, рухты нығайту. Сайысқа қаланың үздік 5 мектебінен келген жасұландық оқушылар қатысты.

Әйгерім Түсіпбекова, ұйымдастырушы

Бүгінгі шара Жеңісітің 80 жылдығына байланысты. 5 мектеп жиналды. Шара Батырлар сайысы деп аталады. 25тен аса адам қатысады. Балалар бір-бірімен сайысады. Бірнеше кезең болады. Ақырғысында мадақтама мен кубок беріледі. Бас жүлде болады.

Бағдарламада ұлттық ойындар мен әскери дайындық қатар қамтылды. Қатысушылар асық атып, арқан тартып, теңге ілді. Әр кезеңде балалар шапшаңдық пен ептіліктерін сынады. Ұйымшылдық пен батылдықты танытты.

Жандос Серіков, қатысушы

Осы командалардың ерекше аттары бар. Барлық команда өздерін жақсы көрсетіп жатыр. Мысалы біздің командамыздың аты Барыс деп аталады. Біз командамызды жақсы көрсетудеміз. Бір жерде 2 орын, бір жерде 3 орын алдық. Павлодарда үлкен қоңырау деген жарыс болды ол туринирден өттік 5 топқа дейін.

Жарыс соңында қатысушыларға мадақтама қағаздары мен медальдар табысталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы жүлдеге ие болады.

Сабина Жолдаспаева