Ақсу қаласының тұрғындары интернет алаяқтықтың жиі құрбанына айналады. Статистика бойынша, металлургтер шаһары өңірдің басқа екі қаласынан интернеттегі алаяқтық бойынша көш бастап тұр. Бұл немен байланысты тілшіміз айтсын.

Жер-жерде хабарламалар айтылып, профилактикалық шаралар жиі жүргізілгенмен интернеттегі алаяқтық азаяр емес. Былтырдың өзінде ел бойынша 17 мыңнан астам дерек тіркелген. Осы ретте Ақсу қаласының полиция бөлімінде екінші деңгейлі банк қызметкерлері, ірі кәсіпорын өкілдері және полицейлермен кездесу ұйымдастырылды.

Азамат Жоланов, Ақсу қаласы ЖПБ бастығының орынбасары

Бүгінгі таңда өте өзекті мәселелердің бірі ол интернеттегі алаяқтық. Өйткені біздің Отандастарымыз, жерлестеріміз интернеттегі алаяқтықтың құрбаны болып жатыр. Сол себептен кездесу өткізіп, жеткізсін деп айтамыз. Әртүрлі жолдармен айлаларын асырып жатыр. Сим карта мерзімі өтті, поштадан хабарлама келді деп жатады сол сияқты толып жатқан мәселелер.

Павлодар облысының үш қаласы бойынша интернет-алаяқтық көрсеткіші Ақсуда көш бастап тұр. Жергілікті тұрғындар ғаламторда жылтың еткен жарнамаларға алданып жатады. Сөйтіп, қалтасындағы азын-аулақ қаражатын еселеймін деп, алаяқтардың арбауына түсіп есеңгіреп қалады.

Сүйіндік Қайырбаев, Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел әкілі

Биыл Ақсуда интернет алаяқтықтың 90 жағдайы тіркелді. Былтыр 76 болды. Өсімнің барын байқауға болады. Профилактикалық шаралар қарқынды жүргізіледі, әсіресе кәсіпорындарда себебі ол жерде мыңдаған адам жұмыс жасайды. Көбінесе инвестицияны арттарымз деген жарналарға тұрғындар алданып қалады, адамдар ақшаларын көбейткісі келеді сол себептен.

Жыл басынан Павлодар облысында интернет алаяқтық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға көбейген. 2024 жылы өңірде 470 болса, биыл 517 жағдай тіркелді.

Самал Қалиқызы