Көпар көшпенділердің ежелгі ойыны. Балуан мен сәйгүліктің ба ыжарасса ғана жеңіске жететін спорт. Команданың мығым бірлігі де қажет. Бұл жолғы сайысқа Белоусов және Костантинов аулының командалары қатысты.

Ал, аудырспақ ойынына 8 адам қатысты. Бұнда да білектілер елалдында жауынгерлік өнердің қыр-сырын көрсете білді. Спортшылар арасында Нұрлан Сенов жеңімпаз болды.

Осылайша ұлттық спорт түрлері ауданда қайта жаңғыру үстінде. Ауылдарда жүйрік ұстап, сәйглүлік баптағандар саны артуда.

 

Жанасыл Серікбол