Көрмеге ит өсірушілер үй жануарының әр түрлі тұқымын ұсына келген. Кейбір қатысушылар өзге қаладан ат басын бұрыпты. Шара барысында жануарларға баға беріліп, үздіктерге марапттар табысталды.

Нина Макиярова, «өңіраралық кинологиялық орталық» РҚБ президенті:

Біріншіден, иттер өз тұқымы мен стандарттары бойынша бағаланады. Стандартқа жақындаған сайын ұпай жоғары болады. Оларға тамаша, өте жақсы және жақсы деген бағалар беріледі. Сонымен қатар, өзге титулдар қарастырылған.

Байқау негізінде иттер 7 топқа бөлінеді. Әр топтың өз критерийлері бар. Мысалы, жануардың өсуі бойынша. Егер ит 35 сантиметрден жоғары болса, ол алтыншы топқа орналастырылады. Тым аласа болса жетінші топқа ығыстырылады. Иелері кезекке тұрып, жануарларды рингке шығарды, онда жануарлар жоғарыда аталған стандарттар бойынша бағаланды, содан кейін иттің психикасы да сараланды.

Екатерина Геращенко, хендлер:

Бүгін мен Сібір хаскиін көрсеттім. Бұл жас ит. Бүгін жасөспірімдер арасында Қазақстанның чемпионы атанды. Мансап жолы әрмен қарай жалғасады. Қазір аздаған маусымдық құбылуы бар,  бұл жағдай жеңсіке жетуімізге кедергі келтіре алған жоқ.

Нұржан Жақсылықов, ит ұстаушы:

Біз кішкентаймыздан аңшылыққа барып жүреміз. Ит өзін жақсы көрсетеді. Жаңа ғана выставкада жақсы көрсетті өзін.

Ұйымдастырушылар қыркүйекте иттердің қатысуымен тағы бір шара өткізуді жоспарлап отырғандарын атап өтті. Ол кезде жануарлар жылдамдықтарын көрсететін болады.

 

Жанасыл Серікбол, Артур Поляков