Негізгі Жаңалықтар Тереңкөлде музыка мектебі оқушыларының жетістігі көп

Тереңкөлде музыка мектебі оқушыларының жетістігі көп

Тереңкөл ауданындағы музыка мектебінде балалар фортепиано, гитара, домбырада ойнауды үйреніп, үрмелі аспаптарды меңгереді және вокалмен айналысады. Бүгінде мұнда 170 бала білім алып жатыр. Аудандық мектепте болашақ музыканттар қалай тәрбиеленіп жатыр? Тілшіміз тарқатсын. 



Бұл мектепте музыка әуені 60 жылдан астам уақыт бойы үзілмей келе жатыр. Дайындық сыныбына балалар 5 жастан бастап қабылданады. Алдымен олар әртүрлі аспаптармен танысып, кейін өзіне жақын бағытты таңдайды.

Тея Бауэр, музыка мектебінің 2-сынып оқушысы

Мен музыка мектебінде оқимын. Маған бұл жер ұнайды. Маған пианино көбірек ұнайды, өйткені онда ойнау өте әдемі. 

Мен колледжде өнер көрсетіп, 2-орын алдым. 

Уақыт өте келе оқушылар аудандық фестивальдер мен байқауларда ғана емес, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі шараларда да өнер көрсете бастайды.

Мысалы, Алина Садықбекова 13 жаста. Биыл ол 7-сыныпқа көшті. Ол «Жас музыкант» байқауының дипломанты атанып, облыс әкімінің сыйлығына ие болды.

Алина Садыбекова, музыка мектебінің 7-сынып оқушысы

 Мен бұл жерге 7 жасымда келдім. Мені ата-анам алып келді. Анам да кішкентай кезінде музыка мектебінде оқи бастаған екен, бірақ оқуын жалғастыра алмапты. Мен де оқығым келіп, осы жерге келдім. 0Пианино – өте әдемі аспап. Оның көмегімен кез келген шығарманы орындауға, түрлі әуендерді ойнауға болады. Маған оның үні ұнайды, өте әдемі. Мен «Жас музыкант» байқауына қатысып, дипломант атандым. «Отанымның әні» байқауына да қатыстым, сол жерде облыс әкімінің сыйлығын алдым. 

Музыка мектебінде қазақтың халық аспаптары, фортепиано, үрмелі аспаптар, вокал және гитара бағыттары бойынша білім беріледі. Фортепиано сыныбында балалар 7 жыл, ал басқа бөлімдерде 5 жыл оқиды.

Владимир Кравец, музыка мектебі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, гитара сыныбының оқытушысы

Біздің 3 филиалымыз жұмыс істейді. Мұнда 13 педагог еңбек етеді. Филиалдар Байқоныс, Песчаное және Әулиеағаш ауылдарында орналасқан. Жыл сайын біз бірінші сыныпқа көптеген оқушы қабылдаймыз. Олар үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Мысалы, музыканттар қатарына қабылдау рәсімі өтеді. Сонымен қатар музыка мектебі аудандық фестивальдер мен байқаулар да өткізеді. Оларға ауданнан 100-ден астам бала қатысады. 

Мұнда «Қазақтың халық аспаптары» бағыты бойынша оқушылар ансамбліне ерекше көңіл бөлінеді. Ал оқушылардың жетістіктері мен ұстаздардың еңбегінің арқасында 2025 жылы музыка мектебіне ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.



Бөлісу