«Дәстүрге тағзым» шығармашылық фестивалі өтті
«Ертіс Баян» өңірінің жас отбасылары «Дәстүрге тағзым» байқауында бақтарын сынады. Олар шығармашылық өнерлерін ортаға салып, ұмыт болған дәстүрлерді жаңғыртты.
«Дәстүрге тағзым» - дәстүрлі байқау. Биыл фестиваль отбасы күніне арналып отыр. Павлодар облысында отбасы күнін атап өту аясында 300-ге жуық шара жоспарланған. Солардың бірі – осы «Дәстүрге тағзым» байқауы.
Амандық Батайұлы, Аминат Омарова, қатысушы отбасы
Біз негізі отбасы қаласынан келіп тұрмыз. Екеуміз де мұғалімбіз. «Дәстүрге тағзым» үлкен бір керемет жоба. Біздің отбасымызға биыл 8 жыл болды. 2 кішкентай балапан бар. Осы 8 жылда не біліп, не үйренді соны көрсетейік деп келдік.
Байқау барысында қатысушылар үш кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде отбасыларын жасанды интеллект көмегімен таныстырады. Екінші кезеңде ұмыт болған салт дәстүрлермен бөліседі. Үшінші кезең шығармашылық. Отбасылар өнерлерін ортаға салады.
Жасұлан, Әйгерім Мұстафиндер , қатысушы отбасы
Біз шығармашылық нөмірде ерекше нөмір дайындадық. Бәрі ән айтып, би билесе, біз олай істемейміз. Біз сурет салғанды ұнатамыз, сондықтан соны көрсетеміз. Ал, дәстүр ретінде біз шашу дәстүрін көрсетеміз. Себебі қазақтың ешбір мерекесі шашусыз өтпейді.
Жалпы «Дәстүрге тағзым» фестивліне өңірдің аудан, қалаларынан 13 отбасы қатысты. Бұл «Мерейлі отбасы» ауқымды байқауына дайындық деді ұйымдастырушылар.
Айнұр Раисова , Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының М.А.
Енді бүгін дәстүрге мығым, өнерлі, айтары бар, дәстүрге мығым жас отбасылар қатысып отыр. Біздің мақсат осы отбасылар жайлы мәлім ету. «Мерейлі отбасыға» дайындық десе де болады. Үлкен сайысқа қатысудың бірінші қадамы деуге болады. Ертең отбасымыздың атынан қатысып отырса «Нұр үстіне нұқр болар еді» деп ойлаймыз.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік отбасылар марапатталады. Өзге қатысушылар да назардан тыс қалмай, демеушілер есебінен құрметке ие болады.
Самал Қалиқызы