Биыл Майқайың кентінің құрылғанына 90 жыл толып отыр. Осыған орай елдімекенде дүбірлі той ұйымдастырылды. 

Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентіне биыл 90 жыл. Негізі 1932 жылы қаланған кент өңіріміздің бір ауданы ғана емес, ол аймақ экономикасына үлес қосып отырған бірде бір елдімекен. Сонау 19  ғасырда мында мыс өндірісі басталып, соғыс жылдары  қажеттілік арта түсті. Ел экономикасына мыңдаған тонна алтын да осы жерден алынды.  Бір ғасырға жуық тарихы бар ауданның мерейтойымен аймақ басшысы құттықтады.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Елдің атын ер шығарады деген дана сөз бар. Осы киелі өңірде туған. Қадірлі жерлестер осындай тарихы бар Майқайың кентінің сіздермен бірге болашағы жарқын. Денсаулық, құт береке тілеймін. Мерейтой құтты болсын. 
Қазіргі уақытта кентте 10 мыңнан аса халық тұрады.  Оған жақын маңдағы Үшқұлын, Сұлужон, Шөптікөл, Майтөбе ауылдары кіреді. Кенттің әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында көптеген жұмыс жасалып жатыр деді. 
Ербатыр Молдатаев, Майқайың кентінің әкімі:
Осы соңғы жылдары Майқайың кентінде қазақ мектебі, балабақша салынды. Осы жылы 230 млн теңгеге бөлінді, аббаттандыруда. Орталық стадион реконструкциядан өтті.  
Жоғарыда айтып өткендей, Майқайың кенті алтынымен көпке әйгілі. «Майқайың алтын» мекемесі 1932 жылдары жұмысын бастады. Ол ел экономикасына өз үлесін қосып қана қоймай, мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.   
Қуаныш Ботин, «Майқайың алтын» АҚ бас директоры:
Кентіміздің алғашқы бастамасы болып біздің мекеме ашылды. Кеңес үкіметі кезінде кәсіпорындар бізге бағынышты болыд. 90 жылдары бөлінді. 960 адамдай жұмыс жасайды. Ең басты біздің кәсібіміз жер қазу жұмыстары, жер асты кешініміз бар, кең байыту фабрикамыз бар. 
Кенттің мерейтойына жер-жерден осы елдімекенде кіндік қаны тамған азаматтар келіп жатты. Осы жердің топырағында өніп өскен отбасылар да қаншама. 
Олжас Кәкімжанов, Майқайың кентінің тұрғыны:
Бұл кентке жас маман болып 5 жыл бұрын келдім. Көптеген жетістіктерге жеттім. Майқайың кенті достар берді. Мерейтоймен құттықтаймын, алғысым шексіз. 
Айзада Бедебаева, Майқайың кентінің тұрғыны:
Мектепте бәрі жақсы. Жағдай бар. 600 бала білім алады. Жақсы жағдайда балалар білім алады. 
Мерекелік бағдарламаны Баянауыл ауданының өнер ұжымдары мен жергілікті өнерпаздар жалғастырды. Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрының әртістері көрермен назарына Майқайың кентінің іргесі қаланған тарихынан сыр шертетін театрландырылған көрсетілім ұсынды.  
 
Самал Қалиқызы