Ақтоғай ауданында 1200 бас малға арналған сүт-тауарлы ферма ашылды. Жаңа ферма өңірдің ішкі нарығын 100 пайыз сүтпен қамтамасыз етуге қауқары жетеді. Сондай-ақ ауданда 90 адамға тұрақты жұмыс орыны ашылды.
Кәсіпорын Словакиядан сүт және ет бағытындағы симментал тұқымды 93 ірі қара әкелді. Жыл соңына дейін тағы 1000-нан аса мал әкелуді жоспарланып отыр. Мұнда жылына шамамен 10 мың литр шикі сүт өндірілмек.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:
Шынында да Павлодар облысында соңғы уақытта ауыл шаруашылығы дамып келеді. Бұл Ертістің әлеуетінің арқасында. Соңғы 2,5 жылдың ішінде суармалы жерлер алқабы 40 пайызға ұлғайды. Барлық көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады.
Инвестициялық жобаның құны 6 млрд теңгеден асады. Ферманың іске қосылуымен 90 жұмыс орны ашылды.
Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының дамуын ерекше бақылауда ұстап отыр. Биылғы жылы ауыл шаруашылығын қаржылау қолдауға 450 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Инфестициялық жобаларды айтатық болсақ, 2025 жылға дейін 100-ге жуық жоба іске асырылып жатыр. Оған 180 млн теңгедей инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, ауыл шаруашылығы саласын оның үшінде сүт-тауарлы фермасы - бұл ауылда жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ету деген сөз.
Павлодар облысында 36 сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді. 13 кәсіпорын соңғы үш жылда іске қосылған. Осының арқасында 500 жұмыс орны құрылды. Алдағы уақытта тағы осындай сегіз ферма ашу көзделіп отыр.
Аяулым Рахымжанова