Өткен аптада Елордада дәстүрге айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті. Геосаяси жағдайлардың ушыққан сәтінде, текетірестердің көбейген кезінде бұл кездесудің маңызы әлбетте жоғары. Съезге Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қажы Қоспақұлы да қатысып келді. 

Съезд «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің пандемиядан кейінгі кезеңдегі адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы рөлі» деген тақырыппен басталды. Оған 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері қатысты. Рим Папасы, ең көне Әл-Азһар ислам университетінің жоғарғы имамы, орыс православ шіркеуінің өкілдері, Израильдің Бас ашкеназ раввині арнайы келді.
Жолдас Қажы Қоспақұлы, облыстың бас имамы:
Ерекше айтылып тоқталатын жәйт Мысырдың ислам университетің шейхы келді. Батыс әлемінде католиктер басшысы болған баяндамаларын жасады. Бұл съезд елдің мықтылығын, беделін білдіреді. Бұл ынтымақтың белгісі.  
Отырыс барысында жиналғандар жаһандық үлкен дағдарысты атады. Ол экономика мен экологиядан да биік - рухани дағдарыс. Онымен күресте кешікпеу керек деп отыр. Ең бастысы, кедейлерге, жоқ-жітімге қол ұшын созу мәселеріне басымдық берілді. 
Жолдас Қажы Қоспақұлы, облыстың бас имамы:
Ахмед Тайебтің келгені бір күш қуат болды. Исдам әлемінде мойындалған адам. Қазақстанның орнын ерекше атап өтті. Бір ауыз сөзімен кім екенін көрсетті, шәкірті ретінде ғана емес. Ата бабаларыңның шәкірті ретінде келіп отырмын деп орнын көрсетті. 
Сонымен қатар іс-шара қорытындысы бойынша съезд Хатшылығының келесі XXI отырысын 2023 жылдың күзінде Қазақстан астанасында өткізу туралы шешім қабылданды.
 
Самал Қалиқызы