Павлодар қаласында дәстүрге айналған «Халық заңгері» шарасы өтті. Оның аясында тұрғындар өздеріне қажетті құқықтық кеңес алып, көптен бері көкейде жүрген сұрақтарына жауап тапты.
Қалалық әкімдік, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен білім беру саласындағы құқықтық сұрақтар көпті толғандырады. Осы ретте жастар бастамаларын дамыту орталығында «Халық заңгері» кеңес беру шарасы ұйымдастырылды. Оған кез келген тұрғын келіп, бағыт-бағдар алу мүмкіндігіне ие болды.
Майкен Смағұлова, зейнеткер:
Инстаграмннан көргем бүгін ақысыз заңгер көмек ұсынады деп. Заңгерге бардым. Ол кісім менің мәселемді шешті. Шешпесе де бағыттады. Осылайша заңды жағынган көмек көрсетіп жатыр, алғысымды айтамын.
Аталмыш акция жылда ұйымдастырылатын көрінеді. Бөлім, департамент, басқарма өкілдері өздеріне бағытталған сұрақтарға жауап беріп, тұрғындарға кеңес берді.
Назымбек Бекжанов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бөлім басшысы:
Бүкіл мемлекеттік органдар қатысп отыр. Негізгі мақсат тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Яғни аталмыш көмекке көп адам қол жеткізбей жатады. Сондықтан мамандар тиісті, сауатты көмек көрсетеді. Осындай іс шара жасалып жатыр.
Айта кетейік, барлық сұрақтар өтініш ретінде қабылданды. Талап - келген өтініштер жауапсыз, көмексіз қалмауы тиіс.
Самал Қалиқызы