«Менің кіші Отаным» дәстүрге айналған олимпиадасы биыл да жалғасын тапты. 100-ден астам оқушы бағын сынап, келесі кезеңге жолдама алуға тырысты.
Бұл оқушылар «Менің кіші ОТаным» олимпиадасының биылғы қатысушылары. Олар қалалық кезеңде барынша білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып жатыр.
Ансар Қашқарымбетов, №17 мектептің 9-сынып оқушысы:
Бұл презентацияның тақырыбы Менің Отанымның рәмізі. Ежелгі дәуірде өмір сүрген жануарлар туралы айттым. Мен болашақта ҚР мұғалімі болғым келеді. Осы пәндермен байланыстырғым келеді.
Білім додасына қала мектептерінің 9-10 сынып оқушылары ғана қатысады. Былтыр біздің өңірден барған қатысушылар республикалық кезеңде 4 орынға ие болды.
Ақмарал Мұхаметжанова, орталық басшысы:
Бұл конкурс негізінде екі кезеңнен тұрады. Ол бірінші кезеңде тест жазды. Екінші кезеңде 4 номинация бойынша жұмыс жасайды. Бейне репортаж, бейне презентация, пмакеттерін қорғайды, эссе жазу.
Жалпы олимпиадаға 140-тан астам оқушы қатысуға ниет білдірді. Жеңімпаздар 14 қазанда өтетін облыстық кезеңге жолдама алады.
Самал Қалиқызы