Екібастұзда қаланы электр энергиясымен қамтитын компания бағаны заңсыз өсірген. Мекеменің бұл әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары анықтады. Сондай-ақ кәсіпорынның екі жыл ішінде 580 миллион теңгеден астам қаржыға жөндеу жұмыстарын жүргізді деген мәліметі де күдік тудырып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етілмейді.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тексеру бастады. Кәсіпорынның 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен 583 млн теңгеден астам сомаға жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәмілелер жасалғаны туралы күдік бар. Бұл өз кезегінде көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер етуі мүмкін. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпараттар жария етілмейді.