Негізгі Жаңалықтар «Шаңырақ сазы» ансамбліне 10 жыл

«Шаңырақ сазы» ансамбліне 10 жыл

Павлодарда «Шаңырақ сазы» ансамбіліне 10 жыл толуына орай ұжымның шығармашылық концерті өтті. Павлодарлықтар ұлттық өнердің рухы асқақтаған удманды кешке куә болды.


«Сарқыт. Ұрпаққа қалған мұра». Шығармашгылық кештің бұлай аталуы тегін емес. Ансамбль 10 жылдан бері қазақтың көне үнінің күмбірін бүгінгі ғасырға жеткізуде. Ғасырлардан жеткен ән мен күйдің жаршысы болды. 10 жылдық концертке орай өнерпаздар ұжымы осынау қазынадан сый тарту жасады. Ән кешіне алыстан өнерпаз қонақтар арнайы келді.

Думанды кеш аясында мәдениет басқармасының басшысы Медет Тауасқан облыс әкімінің құттықтау хатын жеткізді.

Медет Тауасқан, Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы

Өңіріміздің мәдени өміріне белсенді араласып, ұлттық өнердің адмуына қосқан үлестеріңіз үшін барашңызға зор ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз бен шығармашылық жетістіктеріңіз ел игілігіне қызмет етеберсін! Құрметпен, Павлдодар облысының әкімі Асйын Байханов.

0 жыл бойы ұлттық нерге қызмет етіп келе жатқан ұжымға халықтың ықыласы мен қошеметі қашан да зор.



Бөлісу